Қазақстандық семсерші Азия чемпионы атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Гонконг қаласында өткен семсерлесуден Азия чемпионатының финалдық сайысында өскемендік Руслан Кұрбанов жеңіс тұғырына көтерілді, деп хабарлайды ШҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.

Қазақстандық семсерші Азия чемпионы атанды

1/4 финалда жерлесіміз Тайпейден келген спортшы Chuang Po Yu-ді 15:4 есебімен оңайлықпен тізе бүктірді. 1/2 финалда шайқас алаңына шыққан Руслан бастапқыда әлсін ойын көрсеткенімен, кейін барын салып  Оңтүстік Корея спортшысы Kweon Yong Jinsun-нан 15:13 есебімен жеңіске жетті. Ал финалдық жарыста Оңтүстік Кореяның тағы бір семсерші Youngjun-ді 15:10 есептік көрсеткішпен сүріндіріп, жеңіс тұғырына көтерілді.

Үш бірдей мықты қарсыласты қапы қалдырған Руслан Азия чемпионатында алтын медальға қол жеткізді.

«Бұл еліміз үшін үлкен мәртебе» - деп атап өтті ШҚО семсерлесу спортының бас бапкері Сергей Владимирович.