Қазақстандық семсершілер Инчхонда «қола» жүлдеге ие болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Инчхондағы Азия ойындарында семсерлесуден командалық сайысы басталды. Қатарында Тамара Почекутова, Татьяна Приходько, Диана Паманши, Юлия Живица сынды спортшыларымыз бар Қазақстан әйелдер құрама командасы жартылай финалда қытайлық қарсыластарынан 27:45 есебімен ұтылып, қола жүлдені иеленді, деп хабарлады sports.kz.
Бұл - 17-ші жазғы Азия ойындарында Қазақстан спортшыларының алтыншы қола жүлдесі. Ширек финалда қыздарымыз индонезиялықтарды 45:31 есебімен ұтты.