13:19, 14 Шілде 2013 | GMT +5
Қазақстандық Сергей Емельянов Универсиадада каноэде ескек есуден «күміс» олжалады
АСТАНА. 14 шілде. ҚазАқпарат - Қазақстандық спортшы Сергей Емельянов Қазандағы Универсиадада 1000 метрлік қашықтықта каноэден ескек есуде күміс жүлдегер атанды, деп хабарлады Vesti.kz.
Емельянов қашықтықты төрт минут 11,515 секундта еңсерді. «Алтынды» венгр Тамаш Кисс (4.10,837) жеңіп алды, ал «қола» ресейлік Илья Штокаловқа (4.12,668) бұйырды.
Бұл Қазақстан құрамасы қоржынындағы сегізінші күміс болып отыр. Сондай-ақ қазақстандық спортшылар екі алтын және тоғыз қола медальдарды иеленді.