Қазақстандық сейсмологтар Ауғанстанда 6.0 магнитудалы жер сілкінісін тіркеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚР БҒМ ҰК СТӘЭ» ММ-нің сейсмикалық стансаларының желісі сағат 14:37 :23 сек жер сілкінісін тіркеді. Жер дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 874 км жерде Ауғанстан аумағында орналасқан, деп хабарлады ведомстводан.

Қазақстандық сейсмологтар Ауғанстанда  6.0 магнитудалы жер сілкінісін тіркеді

Жер сілкінісінің энергетикалық класы 12.4. Магнитудасы MPV 6.0. Тереңдігі 200 км. Сезілу бойынша мәліметтер (МSК-64 шкаласы бойынша) жоқ.