Қазақстандық шабандоздар топ жарды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Солтүстік Африкада басталған раллиде жерлестеріміз топ жарды. Юрий Сазонов пен Арслан Сахимов тізгіндеген жол талғамайтын көлік жалпы есепте көш бастады, деп хабарлады www.khabar.kz.

Қазақстандық шабандоздар топ жарды

Шабандоздар Марокко, Мавритания және Сенегал елдерінің жолдарымен жүйткіді. Жалпы бұл жарысқа Қазақстаннан төрт экипаж қатысты. Марокконың Тангунит және Асса қалаларының арасындағы 433 шақырымға созылған қашықтықты Сазонов пен Сахимов төртінші болып еңсерді. Алдыңғы екі кезеңде де шабандоздар қарсыластарын шаң қаптырған еді. Сондықтан жалпы есепте олар 1-орынға лайық болды.

«Африка Эко Рейс-2015» сайысының үшінші кезеңінің қорытындысы бойынша, елімізден барған Қанат Шағыров пен Андрей Чередников та алғашқы ондықтан көрінді.