Қазақстандық шахматшы Жансая Әбдімәлік әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ханты-Мансийск қаласында шахматтан 20 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионатында қыздар арасында Жансая Әбдімәлік үшінші орын иеленді.

Қазақстандық шахматшы Жансая Әбдімәлік әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Бұл жарыста 10 ұпай жинаған Украина шахматшысы Наталья Букса жеңімпаз атанды. Екінші орында - 13 ұпайдың 9,5 ұпайын жинаған ресейлік Алина Бивол. Үшінші орынды 9,5 ұпаймен Жансая Әбдімәлік жеңіп алды, деп жазады Sports.kz.

Чемпион атағынан басқа, шахматшылар сондай-ақ ұйымдастыру комитетінің жүлде қорын таласқа салды. Оны алған орындарына байланысты әлем чемпионатының ер адамдар мен әйелдер арасындағы жарыстардың жүлдегерлері бөліп алады.