Қазақстандық шахматшы Жансая Әбдімәлік Әлем чемпионатының күміс жүлдесіне ие болды

АСТАНА. 19 қараша. ҚазАқпарат - Қазақстандық шахматшы Жансая Әбдімәлік 12 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында өткен әлем чемпионатында күміс медаль олжалады, деп хабарлады Vesti.kz.
None
None

Айта кетейік, жас шахматшы соңғы сәттерге дейін әлем біріншілігінің чемпионы болуға таласты. Бірінші орынға ие болу үшін ол Үндістаннан келген шахматшы Рия Савантты жеңу керек болды. Алайда Әбдімәлік Саванттан айласын асыра алмады.

Нәтижесінде, әлем чемпионы 9 ұпай жинаған Вайшали болды. 8,5 ұпай жинаған Жансая күміс медаль еншіледі, ол қосымша көрсеткіштер бойынша Рия Савант, Юань Е және ресейлік Александра Оболонцеваны артта қалдырды.

Соңғы жаңалықтар