Қазақстандық шахматшылар халықаралық турнирге қатысады
БІШКЕК. Маусымның 15-і. ҚазАқпарат /Владимир Добровольский/ - Ыстықкөлдің жағасында Шолпанатада халықаралық шахмат фестивалі өтеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Жарысты ұйымдастырушылардың атап көрсетуінше, оған Астана, Алматы, Қарағанды және республиканың басқа да қалаларынан қазақстандық шахматшылардың үлкен тобы қатыспақ. Шахмат фестивалі маусымның 20-сы мен 30-ы аралығында болады.