Қазақстандық шаңғымен бағдарлаушылар жарыстың алғашқы күні құрама қоржынына 1 алтын, 2 күміс, 1 қола медаль салды
АЛМАТЫ. 31 қаңтар. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыдағы "Шымбұлақ" тау шаңғысы базасында 7-қысы Азия ойындары аясында тау шаңғысымен жылдам құлдилаудан ерлер мен әйелдер арасындағы бәсеке аяқталды. Онда ерлер арасында қазақстандық Дмитрий Кошкин Азия чемпионы,
ал Игорь Закурдаев күміс жүлдегер атанды. Әйелдер арасында жерлестеріміз Людмила Федотова күміс, Ксения Стройлова қола жүлдегер атанды. Бұл сайыста сондай-ақ, Корея құрамасынан әйелдер арасында Ким Сун Жо (KIM Sun Joo) алтын, ерлер арасында Донхун Жунг ( Donghyun Jung) қола жүлдегер атанды.
Енді ертең супер гиганттан ерлер мен әйелдер арасында тағы 2 медальдар топтамасы сарапқа салынады. Одан кейін супер комбинациядан 3 ақпанда ерлер, ал 4 ақпанда әйелдер арасында тағы 2 медальдар топтамасы өз иесін табатын болады. Жалпы бұл дүбірлі додада Қазақстан, Корея, Иран, Өзбекстан, Қырғызстан, Тайпей, Моңғолия мен Ливанның тау шаңғышылары қатысуда.