Қазақстандық шаңғышы Италиядағы масс-стартта үшінші болып келді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Итальяндық Валь-ди-Фьеммада «Тур де Ски» жетінші кезеңінде ерлер арасындағы классикалық стильдегі масс-старт аяқталды, деп жазады Sports.kz.

Қазақстандық шаңғышы Италиядағы масс-стартта үшінші болып келді

Онда норвегиялық Мартин Йонсруд Сундбю үздік нәтиже көрсетті, екінші орында да - Норвегияның тағы бір өкілі Никлас Дирхауг, қазақстандық Алексей Полторанин жарысты үшінші нәтижемен аяқтады.

Шаңғы жарысы. «Тур де Ски». Жетінші кезең. Валь-ди-Фьемме (Италия)
Ерлер. Масс-старт. Классикалық стиль. 15 шақырым.

1. Мартин Йонсруд Сундбю (Норвегия) - 39:55.2
2. Никлас Дирхауг (Норвегия) - +7.7
3. Алексей Полторанин (Қазақстан) - +12.6.