Қазақстандық шаңғышы қыздар Универсиадада қола еншіледі

АСТАНА. 20 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қазақстанның шаңғыдан қыздар құрамасы Италияның Трентино қаласында өтіп жатқан Бүкіләлемдік қысқы Универсиада-2013-те 3х5 шақырымдық эстафетада қола жүлдеге ие болды,

Қазақстандық шаңғышы қыздар Универсиадада қола еншіледі

деп хабарлады Vesti.kz .

Эстафетада басты межені 42 минут 15,8 секундта бағындырған Украина командасы бірінші орынды жеңіп алды, екінші орын Швеция құрамасына бұйырды, олар жеңімпаздардан небәрі 3,1 секундқа қалып қойды.

Ал құрамында Татьяна Осипова, Ольга Мандрик және Марина Матросова бар қазақстандық команда жеңімпаздардан 19,6 секундқа қалып қойды.