Қазақстандық шаңғышылар тағы бір Олимпиада лицензиясына ие болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шаңғы жарысынан Қазақстан құрамасы қысқы Пхенчхандағы Олимпиада ойындарына жеті жолдама алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ҰОК сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық шаңғышылар тағы бір Олимпиада лицензиясына ие болды

FIS Халықаралық шаңғы спорт түрлерінің федерациясы Қазақстанға шаңғы спортынан жетінші жолдама берілгенін жариялады. Аталмыш лицензияның кімге бұйыратынын бапкерлік құрам шешеді.

Айта кетерлігі, бұған дейін қазақстандық шаңғышылар олимпиадалық алты лицензияға ие болған.