Қазақстандық шайбалы хоккей федерациясы жаңа арнайы журналды таныстырды
АСТАНА. Қыркүйектің 23-і. ҚазАқпарат /Дамир Байманов/ - Қазақстандық шайбалы хоккей федерациясы «Хоккей» деп аталатын жаңа арнайы журналды таныстырды. Басылымның бірінші шығарылымын Қазақстан шайбалы хоккей федерациясының бас директоры Юрий Зверев таныстырды.
«Бұл журнал әуесқойлардың да, жанкүйерлердің де және кәсіби споршылардың да көкейінен шығатын басылым», - деді Зверев. Журналда фотосуреттер, ойын статистикалары, командалар ойындарының деңгейлеріне талдаулар, клубтардың логотиптері, Континенталдық хоккей лигалары чемпионаттарының, 2009-2010 жылдар маусымдағы шайбалы хоккейден ҚР чемпионатының кестелері және басқа да арнайы ақпараттар жарияланатын болады.