Қазақстандық шегеден Головкинның бейнесін жасады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматылық Азамат Әнуарбек WBA Super, WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің бейнесін жасады. Бұл туралы Sports.kz. хабарлайды.
Шебердің айтуынша, 2×3 метрлік және салмағы 150 келі болатын боксшы бейнесін жасауға 56000 шеге қажет болып, оған 45 күн уақытын жұмсаған.
Таяу күндері бокстан әлем чемпионы Геннадий Головкиннің суреті салынған картина Алматыдағы кафелердің біріне қойылады.