Қазақстандық шекарашылар 18 тонна қара металды заңсыз өткізудің жолын кесті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан-Ресей шекарасында қазақстандық шекарашылар 18 тонна қара металды заңсыз жолмен әкетіп бара жатқандарды ұстады, деп хабарлады ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

Қазақстандық шекарашылар  18 тонна қара металды заңсыз өткізудің жолын кесті

Атап айтқанда, «Әлімбет - авто» бақылау-өткізу бекетінің шекара жасағы осы жылдың 22 маусымы күні таңғы 5 сағат 56 минут шамасында 1974 жылы туылған Ресей Федерациясының азаматы Мазақов дегенді ұстады.

Шекаралық бақылау кезінде аталған азамат «МАЗ» көлігіне тиелген 18 000 келі темір-терсегіне қатысты ешқандай құжат көрсете алмады.

Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 196 бабының 1-тармағы бойынша (қасақана қылмыстық жолмен алынған мүлікті сатып алу немесе сату) ақпаратты тіркеу журналына рәсімделіп, Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлеріне берілді.