Қазақстандық шекарашылар апта ішінде 200-ден астам құқық бұзушыны ұстады

АСТАНА. 19 наурыз. ҚазАқпарат - Қазақстандық шекарашылар ағымдағы жылғы наурыздың 11-17-сі аралығында шекара аймағында 200-ден астам құқық бұзушыны, 120-дан астам Қазақстанға келу ережесін бұзушыны ұстады. Контрабанда тасымалдаудың 15-тен астам фактісі анықталып, шамамен 13 келі есірткі заты алынды, деп хабарлады ҚР ҰҚК Шекара қызметінің ресми сайты.
None
None

«Хоргос» өткізу бекетінің шекарашылары өз қызметтерін атқару барысында елімізден Қытайға өтпек болған Қазақстан азаматшасын ұстады. Оның жеке заттарын тексеру барысында декларацияланбаған 12 мың АҚШ доллары табылды.

Сондай-ақ «Хоргос» шекара заставасының көлік құралдары мен жүктерді тексеру шекара наряды көлігінде шамамен 2 тонна контрабандалық жүк бар Қазақстан азаматын ұстады.

«Қордай» өткізу бекетінде шекарашылар елімізден Қырғызстанға машинасымен кетіп бара жатқан Қазақстан азаматын тоқтатты. Оның жеке заттарын тексеру барысында декларацияланбаған 12 мың АҚШ доллары табылды.

«Сыпатай батыр» шекара заставасының аумағында өткізу бекетінен тысқары аймақтан Қазақстаннан Қырғызстанға өтпек болған еліміздің азаматы қолға түсті. Аталған азаматтың жеке заттарын тексеру барысында қол сөмкесінен шамамен 5 келі 250 грамм болатын есірткі заты марихуана алынды.

«Ауыл т/ж» өткізу бекетінде шекара наряды қызметтік иттің көмегімен пойыз купесінде кетіп бара жатқан Қазақстанның 2 азаматынан 7,6 келі гашиш тауып алды .

Аталған барлық фактілер бойынша жедел тергеу амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар