Қазақстандық шекарашылар Каспийде әзербайжандық бракьонерлерді ұстады (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық шекарашылар Каспийде Әзербайжанның 4 азаматын браконьерлерін ұстады, деп хабарлады ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметі.
«Шекара қызметінің «Жағалау күзеті» өңірлік басқармасының теңізшілері Каспий теңізінде заңсыз балық аулап жүрген Әзірбайжан мемлекетінің 4 азаматын ұстады», - делінген хабарламада.
Шекара бұзушылар үлкен жылдамдықты «Сақшы» шекара кемесінен қашып құтыла алмады. Оның үстіне, төбеден «МИ-28» тікұшағы да көмекке жетіп үлгерген еді.
Үш бірдей қозғалтқышы бар «Байда» деп аталатын жасанды қайық мінген әзербайжандықтар еріксіз қолдарын көтеріп, шекарашыларға берілді.
Аталған дерек бойынша құқық қорғау органдары хабарландырылды. Шекара бұзушылар заң бойынша тиісті жазасын алатын болады.