18:37, 27 Мамыр 2015 | GMT +5
Қазақстандық шекарашылар Мәскеудегі қоян-қолтық ұрыстан өткен турнирде бірінші орынды еншіледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеу қаласында жоғары командалық шекара училищесінің базасында шекарашы-батырлардың құрметіне арналған қоян-қолтық ұрыстан 22-ші халықаралық турнир өтті.

Оған Армения, Беларусь, Қазақстан, Ресей және Өзбекстан республикаларынан командалар қатысты.
Тартысты өткен жарыста қазақстандық шекарашылар бірінші орынға ие болды. Олар 1 алтын, 2 күміс медаль мен 4 қола жүлдеге қол жеткізді.