Қазақстандық шорт-трекшілер олимпиада жолдамасын жеңіп алуға күш салмақ

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ұлттық құраманың бас бапкері, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Мәдіғали Қарсыбековтің айтуынша, команданың негізін батысқазақстандықтар құрайды. Бұдан біраз бұрын Қазақстан құрамасының жаттықтырушы-кеңесшісі қызметіне жас та болса, белгілі спортшы, тәжірибелі қытайлық маман Ли Джиаджун шақырылған болатын. Ол кезінде олимпиада ойындарының бес дүркін жүлдегері, екі мәрте әлем чемпионы атанған. Қытайлық маман М.Қарсыбеков және Жасұлан Мұхамбетқалиевпен бірлесіп жұмыс жасауда. Бапкерлер он алты жасар Айдар Бекжановқа үлкен үміт артып отыр. Оның сырғанау техникасы жақсы, жылдамдығын әлі де арттыра түсуіне мүмкіндігі бар. Сондай-ақ Артур Сұлтанғалиев, Азамат Нұрмағанбетов, Азамат Сұлтанәлиев сенім үдесінен шығуда. 2007 жылы қысқы Азия ойындары өткен Қытайдың Чанчун қаласында таяуда ұйымдастырылған оқу-жаттығу жиыны кезінде он жеті жасар Абзал Әжіғалиев те жаңа қырынан көрінді. Бұлардың бәрі де - Батыс Қазақстан облысының өкілдері. Олардан басқа оралдықтар Аслан Даумов, Данабек Хайыров, Нұрберген Жұмағазиев, алматылық Андрей Сметанин лицензия сарапқа салынатын жарыстарға қатысады. Қыздардан батысқазақстандықтар Инна Симонова мен Ксения Мотова олимпиадаға қатысудан үмітті.
Одан кейін 2011 жылы Астана мен Алматыда өтетін Қысқы Азиада ойындарына дайындық басталады.