Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қазақстандық шпагамен семсерлесуден Гран-при турнирінде қола еншіледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Венгрияның Будапешт қаласында өтіп жатқан шпагамен семсерлесуден Гран-при турнирінде Қазақстан командасы маусымдағы бірінші жүлдесін еншіледі, деп хабарлайды Olympic.kz.

Қазақстандық шпагамен семсерлесуден Гран-при турнирінде қола еншіледі

Ерлер арасындағы жекелей сында Вадим Шарлаимов қола жүлдегер атанды. Вадим жартылай финалда франциялық қарсыласына жол беріп, қола медальді қанағат тұтты.

Айта кетелік, бұл Вадимнің спорттық мансабындағы алғашқы Гран-при жүлдесі.