Қазақстандық штангашы Надежда Ногай - Азия чемпионы
АСТАНА. 12 қараша. ҚазАқпарат - Мьянмада ауыр атлетика бойынша жасөспірімдер арасында өткен Азия чемпионатында ҚР құрамасы алғашқы алтын медаль олжалады,
деп хабарлайды Vesti.kz.
Құрама қоржынына «алтын» медальді жасөспірімдер арасындағы 3 дүркін әлем чемпионы Надежда Ногай салды. 69 келіден артық салмақ дәрежесінде ол күміс жүлдегер Ло Ин Юаньнан басып озып, 225 келіні бағындырды. Үшінші орынды қазақстандық Татьяна Капустина еншіледі.