Қазақстандық штурман Әбу-Дабидегі раллиде омыртқасынан жарақат алды

АСТАНА. 9 сәуір. ҚазАқпарат - Қазақстандық команданың штурманы Марат Әбіқаев Аbu Dhabi Desert Сhallenge-2013 раллиінде омыртқасынан жарақат алды.

Қазақстандық штурман Әбу-Дабидегі раллиде омыртқасынан жарақат алды

Бұл туралы Vesti.kz сайты хабарлады.

«Жарыс басталған бойда, бір жарым шақырымнан соң Жалымбетов - Әбіқаев экипажы «биік сатыдан» жылдамдықты азайтпастан ұшып кетті. Ол байқалмайтын және роудбукте жазылмаған болатын, - деп әңгімеледі қазақстандық айдаушылардың тим-менеджері Артур Ардавичус. - Оны салдарынан біздің штурман Марат Әбіқаев омыртқасынан жарақат алды. Ол жақын жердегі госпитальға жеткізіліп, диагностика жасалды. Оны ертеңгі күнге дейін (сұхбат 8 сәуірде болған) дәрігердің бақылауына қалдырдық. Жарақат оның өміріне қауіп тудырмайды. Ол көңілді, оған 9 сәуірге дейін қозғалмастан жатуы қажет. Біздің экипаждың шығып қалуы қиын болды, енді басқаларының көбірек жұмыс жасауына тура келеді».

Сондай-ақ А.Ардавичус қазақстандық спортшылар үшін қиын кезеңдер әлі алда екенін атап өтті.

Еске салайық, Аbu Dhabi Desert Сhallenge-2013 ралли-рейдінің екінші кезеңінде Жанат Жалымбетов пен штурман Марат Әбіқаев басқарған жол талғамайтын машина жарыс жолынан шығып қалды.