Қазақстандық соғыс ардагері Мәскеуде дауыс берді (ФОТО)

МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстанда туған, ҰОС ардагері Андрей Цыкунов ҚР Президенті сайлауында дауыс беру үшін Мәскеуде №215 сайлау учаскесіне барды.

Қазақстандық соғыс ардагері Мәскеуде дауыс берді (ФОТО)

А.Цыкунов ҚР ШҚО Шемонаиха ауданында туған.

«Әкем майданда қаза тапты. Ол кезде кәмелеттік жасқа толмаған едім, кейін мен де қатігез жаумен шайқасқа аттандым. Екінші дүниежүзілік соғыста жеңіске жеттік. Бізге көмектескен кеңес халқы мен сүйікті қазақ жеріме алғыс айтқым келеді», - деді соғыс ардагері. А.Цыкунов майданда жауға атылған әр он оқтың тоғызы Қазақстанда жасалғанын айтты. От пен оқтың астынан аман келген ардагер Қазақстандағы сайлау - өте маңызды және қажетті іс екенін айтты. -Өйткені, халқымызды бақытты әрі жарқын болашаққа жетелейтін Отанымыздың жетекші командирін таңдау әрдайым маңызды», - деді майдангер ақсақал.