Қазақстандық спортшы АҚШ-та арнайы Олимпиаданың алтын жүлдесін иеленді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оралдық спортшы Лос-Анджелесте өткен Дүниежүзілік жазғы арнайы Олимпиада ойындарында алтын олжалады, деп хабарлады sports.kz.
None
None

Ақыл-есі кем адамдарға арналған бұл спорттық жарыс АҚШ-та 1962 жылдан бері ұйымдастырылып келеді.

Биыл бәсекеге әлемнің барлық елінен 7 мың адам қатысты. Ол 15 спорт түрі бойынша өтті.

Қазақстан құрамасында 120 адам болды, оның үшеуі - Орал қаласынан.

55 келі салмақ санатында дзюдодан алтын медальді №15 мектеп-интернатының тәрбиеленушісі Дмитрий Мурадов иеленді. Қазақстандық Африка, Әзербайжан, Ресей спортшыларынан басым түсті.

Соңғы жаңалықтар