Қазақстандық спортшы Б. Әлментай жастар арасындағы әлем чемпионатында қола медальға ие болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бақдәулет Әлментай жастар арасындағы әлем чемпионатында қола медальға ие болды.

Қазақстандық спортшы Б. Әлментай жастар арасындағы әлем чемпионатында қола медальға ие болды

Жақында Бразилияда өтіп жатқан күрес бойынша жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржыны тағы бір медальға толықты, деп хабарланды Kazakhstan Wrestling Online ВКонтакте желісіндегі парақшасында.

96 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде еркін күрес бойынша Бақдәулет мерзімінен бұрын жапониялықты, кейін 6:3 есебімен немісті жеңді.

Жартылай финалда 0:7 есебімен әзербайжандықтан жеңілсе, үшінші орын үшін бәсекеде финляндиялықтан 7:4 есебімен басым түсті, деп хабарлайды Спортс.кз.