Қазақстандық спортшы бодибилдинг бойынша Азия чемпионатында алтынды жеңіп алды

АСТАНА. 9 қыркүйек. ҚазАқпарат - Вьетнамда өткен бодибилдинг және фитнес бойынша 47-ші Азия чемпионатында қазақстандық спортшы Дания Тілеуімбетова модель-физик дәрежесінде алтын медальды жеңіп алды, деп хабарлайды vesti.kz порталы.

Қазақстандық спортшы бодибилдинг бойынша Азия чемпионатында алтынды жеңіп алды

Бұл отандық спортшылар арасындағы осындай деңгейдегі алғашқы жоғары жетістік. Құрлық біріншілігінде барлығы жиырма жеті елден екі жүзден астам қатысушы жиналды. Бұл спортшы мансабындағы тек екінші ресми турнир болғанын атап өткен жөн. Биыл көктемде Тілеуімбетова Қазақстанның Ашық чемпионатында ойын көрсетіп, төртінші орынды алды.

«Ел чемпионатынан кейін мен қысқа демалысқа шықтым және өзімнің әрі қарайғы ойын көрсетуімді, тіпті, жоспарлаған да жоқпын, бірақ, мұнда менің жаттықтырушым Қайрат Сыздықов телефон соғып, маған менің Азия чемпионатына шақырылғанымды айтты. Дайындалуға уақыт өте аз болды, бірақ, мен ойланбастан, үйге қайтып оралып, жаттығуға кірісіп кеттім» - деп әңгімеледі турнир соңында бағы жанған чемпион.

Д. Тілеуімбетова: «менің тегімді жариялап жатқан кезде, менің жеңіске жеткенім түсінікті болған кезде, мен бастапқыда, тіпті, бұған сене алмадым. Тек біздің әнұранымыз ойнап, туымыз биікке көтеріле бастағанда ғана мен не болып жатқанын түсіндім. Сол сәтте мен көз жасымды тоқтата алмадым», деп ойын ортаға салды.

Азия чемпионатында ойдағыдай ойын көрсеткеннен кейін Тілеуімбетова әлем чемпионатына дайындығын бастайды.