Қазақстандық спортшы бодибилдингтен Азия чемпионатында күміс медальға ие болды (ФОТО)

ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Ташкент қаласында бодибилдинг және фитнестен 49-шы Азия чемпионаты басталды.
None
None

Бойы 175 см дейін дәрежеде жарыстың күміс медалін қазақстандық спортшы Разван Халелов, қола медальді - Моңғолия спортшысы Undrakh Nyamtulga жеңіп алса, Иран спортшысы Ranjbar Amin жеңімпаз атанды.

Бұл Разван Халеловтің осындай жарыстардағы бірінші жеңісі емес екенін атап өту керек. Биылғы жылдың тамыз айында спортшы Алматыда өткен «Қазақстанның мистер және миссис фитнес» байқауында «Мистер фитнес» атағын жеңіп алған.

Соңғы жаңалықтар