Қазақстандық спортшы Фристайлдан әлем кубогында күміс жүлде алды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Фристайл-могулден әлем кубогының кезеңінде қазақстандық спортшылар жетістікке жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат FIS Халықаралық шаңғы спорты түрлерінің федерациясына сілтеме жасап.

 Қазақстандық спортшы Фристайлдан әлем кубогында күміс жүлде алды

Канаданың Калгари қаласында өткен кезеңде қазақстандық спортшылар әйелдер және ерлер жарысында бақ сынады.

Дмитрий Рейхерд жарыстың барлық сатысында екінші орыннан төмендемеді. Іріктеуден сәтті өтіп, ол кедергі жарыс жолынан өту және секіруді орындауда  83.75 ұпай иеленді. Финал-1-де Рейхерд (84.02) екінші келді. Басты финалда ол жарысты екінші аяқтады, оған 86.43 ұпай берілді және кезеңнің күміс жүлдесі бұйырды. 
Әлем кубогының жеңімпазы, жарыс жолының қожайыны Майкл Кинсберриге (89.55) жеңіске жетті, қоланы аустралиялық Мэтта Грэм (83.23) иеленді.
Әйелдер арасында қазақтандық Юлия Галышева бақ сынады. Ол іріктеу және финала-1-де екінші орында болды. Алайда басты финалда тек бесінші болып жарыс жолын аяқтады.