Қазақстандық спортшы «Мәскеу түбіндегі ұрыс» ережесіз жекпе-жегіне алғаш рет қатысады

АСТАНА. 17 ақпан. ҚазАқпарат - Қазақстандық жекпе-жек ұрысының өкілі «Алаш Прайд» клубының белді спортшысы ермек Тілеуов «Мәскеу түбіндегі ұрыс» атты танымпал ресейлік турнирге қатысуға дайындалу үстінде. Ол осындай жарысқа бірінші болып қатысқалы отырған қазақстандық спортшы.
None
None

Ермек Тілеуовтің қатысуымен өтетін бұл жекпе-жекті «Ресей 2» телеарнасы 23 ақпан күні аАтана уақытымен 21:45-те көрсететін болады.

«Sports.kz» интернет-порталына берген сұхбатында ол өзі туралы, спорттағы жетістіктері, «Алаш Прайд» клубы, алдағы жекпе-жегі жайында сыр бөліскен.

Тараз қаласының тумасы он жыл грек-рим күресімен айналысты. Жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионы болды. Қазір аралас жекпе-жек ұрыс түрлерімен айналысуда.

«Мәскеу түбіндегі ұрыс» - беделді турнир, оған Америка мен Еуропаның күшті ұрыс шеберлері қатысады. Ресейлік жанкүйерлер әзірше қазақстандық жекпе-жек спортшыларын білмейді. «Осы турнирде өз өнерімді ортаға салып, біздің жерлестеріміз де осындай сайыстарға түсе алатынын көрсетсем деймін», - деді Ермек.

Соңғы жаңалықтар