Қазақстандық спортшы Мумбайдағы үнділік Super Fight League сайысында жеңімпаз атанды

АСТАНА. 29 қыркүйек. ҚазАқпарат - «Қазақстандық «Алаш Прайд» күрес клубының өкілі Қуат Хамитов беделді үнділік Super Fight League in Mumbai турнирінің ауқымында өзінің алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлады Sports.kz.

Қазақстандық спортшы Мумбайдағы үнділік Super Fight League сайысында жеңімпаз атанды

Біздің палуанның қарсыласы Ауғанстан өкілі Баз Мұхаммад болды. Жекпе-жек тартысты өтті, дегенмен оның қорытындысында қазақстандық файтердің мерейі үстем болды.