Қазақстандық спортшы стенд атудан Азия чемпионы атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кувейтте оқ және стенд атудан өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық спортшы Александр Мухамедиев жасөспірімдер арасында чемпион атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстандық спортшы стенд атудан Азия чемпионы атанды

ҚР Ұлттық олимпиадалық комитетінің баспасөз қызметі хабарлауынша спортшы стенд атудың скит сайысында өнер көрсетіп, жасөспірімдер арасында ең үздік нәтиже көрсетті.

Оның алдында ересектер арасында Әсем Орынбай дәл осы скитте күміс медаль жеңіп алған еді.

Командалық жарыста Әсем Орынбай, Ольга Панарина және Ангелина Мищук қола жүлдеге қол жеткізді.

Жасөспірімдер арасында Зоя Кравченко үшінші орыннан көрінді.