Қазақстандық спортшы жүзуден Әлем кубогының финалына шықты
ҚАЗАН. ҚазАқпарат - Жүзуден Қазақстан командасының өкілі Әділбек Мусин Ресейдің Қазан қаласында өтіп жатқан Әлем кубогының финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Әділбек Мусин шешуші кезеңде 200 метр қашықтыққа баттерфляй әдісімен жүзіп өтті. Оның нәтижесі 01.58.57 болды, бұл Қазақстан үшін жаңа рекорд.
Аралық хаттамада Мусин жетінші болды.