Қазақстандық спортшылар 2010 жылғы ХХІ қысқы Олимпиадалық ойындарға әзірленуде

АСТАНА. Тамыздың 11-і. ҚазАқпарат /Руслан Сүлейменов/ - Қазақстан Республикасы спорт делегациясының 2010 жылғы Ванкуверде (Канада) өтетін ХХІ қысқы Олимпиадалық ойындарға қатысуына әзірлік ауқымында қазақстандық спортшылар спорттың алты түрінен 32 олимпиада лицензиясын жеңіп алды.

Қазақстандық спортшылар 2010 жылғы ХХІ қысқы Олимпиадалық ойындарға әзірленуде

Бұл туралы бүгін Астанада алдағы Спорт күнін мерекелеуге арналған салтанатты жиналыста ҚР Туризм және спорт министрі Темірхан Досмұханбетов айтты.

Т.Досмұханбетов бүгінгі күні министрлік 2010 жылғы Ванкувердегі (Канада)  ХХІ қысқы Олимпиадалық ойындарға, 2012 жылғы Лондонда (Ұлыбритания)  өтетін ХХХ жазғы Олимпиадалық ойындарға және 2010 жылы Гуанчжоуда (ҚХР) өтетін XVI жазғы Азия ойындарына және 2011 жылы Астана мен Алматыда өтетін қысқы Азия ойындарына Қазақстанның споршыларының қатысуы және оған әзірлік шараларының негізгі ұйымдастыру жұмыстарын жасады және бекітті деп атап көрсетті.  

«Біздің алдымызда Ванкуверде (Канада) 2010 жылы өтетін ХХІ қысқы Олимпиада ойындарына 40-45 лицензияны және екі олимпиадалық медальді жеңіп алу міндеті тұр. Бүгінде Қазақстан спортшылары спорттың 6 түрінен 32 олимпиада лицензиясын жеңіп алды», -деп атап өтті министр.