Қазақстандық спортшылар Астанадағы Азия чемпионатында 2 алтын медальға ие болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық спортшылар велоспорттан Азия чемпионатында 2 алтын медальді жеңіп алды.

Қазақстандық спортшылар Астанадағы Азия чемпионатында 2 алтын медальға ие болды

Тректегі жарыста жасөспірімдер Екатерина Юрайтис пен Роман Василенков жекелей сында топ жарды. Сонымен бірге осы сайыс бойынша Екатерина Юрайтис Азияның жаңа рекордын орнатты, деп хабарлайды sports.kz.

Еске сала кетейік, Астанада «Сарыарқа» Республикалық велотрегінде велоспорттан Азия чемпионаты жарыстарының бүгін екінші күні өтуде.