Қазақстандық спортшылар «Азия жауынгері» халықаралық турнирінің жеңімпазы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағандының «Шахтер» стадионында Nomad MMA федерациясының «Азия жауынгері» халықаралық турнирі өтті.

Қазақстандық спортшылар «Азия жауынгері» халықаралық турнирінің жеңімпазы

Турнирге Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Ресей және Украинадан келген 500-ге жуық спортшы қатысты.

Шараны Nomad MMA Дүниежүзілік федерациясы мен Қазақстан Республикалық жекпе-жек өнері одағы ұйымдастырды.

Nomad MMA аз ғана уақытта Қазақстанда ғана емес, өзге де елдерде жаппай спорт түріне айналды. Бүгінде Дүниежүзілік федерация құрамында 14 елдің өкілдері бар.

Турнир қорытындысы бойынша, жалпыкомандалық бірінші орынды Қазақстан спортшылары иеленді. Екінші орын - ресейлік, үшінші орын өзбекстандық қатысушыларға бұйырды.