Қазақстандық спортшылар Бүкіләлемдік қысқы арнайы олимпиада ойындарында 10 алтын, 5 күміс, 5 қола медаль еншіледі
АЛМАТЫ. 5 ақпан. ҚазАқпарат - Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында 29 қаңтар мен 5 ақпан аралығында Бүкіләлемдік қысқы арнайы олимпиада ойындары (Special Olympics World Games) өтті.
ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясының хабарлауынша, қазақстандықтар бұл байрақты бәсекеге 7 спорт түрі бойынша қатысқан болатын. 10 алтын, 5 күміс, 5 қола медаль олжалаған спортшыларымызды бүгін түнгі 21:55-те Алматы әуежайында күтіп алады.
Еске сала кетсек, қазақстандық команда былтырғы олимпиада ойындарында 10 алтын, 4 күміс, 4 қола медаль иеленген болатын.