Қазақстандық спортшылар Чехияда тректегі велоспорттан жүлдеге ие болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық команда Чехияда өтіп жатқан GP Tufo-VC турнирінде тректегі веложарыстан екі медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Оlympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық спортшылар Чехияда тректегі велоспорттан жүлдеге ие болды

Бұл додада Әлішер Жұмақан мен Артем Захаров үздіктер қатарынан көрінді.
Скретчте Әлішер екінші орын алса, Захаров үшінші орынға табан тіреді.