Қазақстандық спортшылар қағаздан жасалған ұшақтар ұшырудан әлем біріншілігіне қатысады

АЛМАТЫ. Наурыздың 14-і. ҚазАқпарат /Ернар Бекен/ – Биылғы жылы Қазақстан спортшылары қағаздан жасалған ұшақтардың Red Bull Paper Wings атты әлем біріншілігіне қатысу құқығына ие болды,

Қазақстандық спортшылар  қағаздан жасалған ұшақтар ұшырудан әлем біріншілігіне қатысады
деп хабарлайды ҚазАқпарат Red Bull Central Asia компаниясына сілтеме жасап. Алда болатын чемпионатқа орай елімізде қатысушылардың біліктілігін арттыру мақсатында ауқымды шаралар басталды. Студенттер өзара бақ таластыратын сайысқа Астана, Қарағанды және Алматы қалаларынан ең үздік қағаз ұшақшылар іріктілуде.15 наурыз күні әлем біріншілігіне іріктеу кезеңі өтеді, ал 22 наурызда Алматыда ұлттық финал болады, осы арқылы ел құрамасының қатарына үздіктер таңдалынып алынады. Чемпионат мамырдың 1 -2 күндері Зальцбургте өтеді.