Қазақстандық спортшылар винтовкамен атудан Универсиадада алтын жүлдеге ие болды
АСТАНА. 16 шілде. ҚазАқпарат - Қазанда өтіп жатқан Универсиадада Қазақстанның қыздар командасы винтовкадан ату бойынша алтын жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Sports.kz.
Олеся Снегиревич, Юлия Морозова және Александра Малиновская екінші-үшінші орынды қанағат тұтқан тайландтық және украиналық спортшылардан басым түсті.
Бұған дейін Қазақстан қоржынына алтын медальді ауыр атлет Фархад Харки мен жеңіл атлет Маргарита Мұқашева салғанын естеріңізге сала кетейік.