Қазақстандық спортшылардың тамыз айындағы жарыс кестесі
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Тамыз айында олимпиадалық спорт түрлерінен іріктеу кезеңдері жалғасын табады. Жаздың соңғы айында әлем чемпионаттары мен кубоктік кезеңдер, сондай-ақ бірнеше спорт түрінен Қазақстанның жазғы спартакиадасы өтпек, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитеті қазақстандық спортшылардың тамыз айындағы жарыс кестесін ұсынды.
Қазақстанда өтетін жарыстар тізімі: 1-5 тамыз – жағажай волейболынан Қазақстанның 5-ші жазғы Спартакиадасы (Ақтау);
1-10 тамыз – көгалдағы хоккейден Қазақстанның 5-ші жазғы Спартакиадасы (Талдықорған);
2-8 тамыз – академиялық есуден Қазақстанның 5-ші жазғы Спартакиадасы (Теміртау);
2-9 тамыз – велотректен Қазақстанның 5-ші жазғы Спартакиадасы (Нұр-Сұлтан);
3-4 тамыз – таеквондодан Қазақстанның 5-ші жазғы Спартакиадасы (Атырау);
3-10 тамыз – ауыр атлетикадан Қазақстанның 5-ші жазғы Спартакиадасы (Талдықорған);
3-10 тамыз – теннистен Қазақстанның 5-ші жазғы Спартакиадасы (Алматы);
6-9 тамыз – қазіргі бессайыстан Қазақстан чемпионаты (Қапшағай);
21-25 тамыз – байдарка мен каноеде есуден Қазақстан кубогі (Алматы);
22-26 тамыз – триатлоннан Қазақстан кубогінің финалы (Павлодар);
24-31 тамыз – волейболдан Қазақстан кубогі (Өскемен);
25-30 тамыз – батуттағы гимнастикадан Қазақстан чемпионаты және Қазақстан кубогі (Қарағанды).
Шетелде өтетін жарыстар тізімі: 1-4 тамыз – байдарка мен каноеде есуден жастар мен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты Сегед (Венгрия); 1-5 тамыз – күрес түрлерінен «Poland open» халықаралық турнирі Варшава (Польша);
4 тамыз – маунтинбайктан халықаралық турнир (Түркия);
10-21 тамыз – спорттық құзға өрмелеуден әлем чемпионаты, Хатиодзи (Жапония);
13-23 тамыз – стенд атудан лицензиялық әлем кубогі кезең, Лахти (Финляндия);
15-19 тамыз – триатлоннан әлемдік серия, Токио (Жапония);
16-18 тамыз – көркем гимнастикадан әлем кубогі, Минск (Беларусь);
19-23 тамыз – тректегі велоспорттан «Tour d Indonesia» халықаралық турнирі, Индонезия;
21-25 тамыз – байдарка мен каноеде есуден әлем чемпионаты, Сегед (Венгрия);
23-25 тамыз – таеквондодан World Cup team Championships халықаралық турнирі, Уси (Қытай);
24 тамыз-1 қыркүйек – академиялық есуден әлем чемпионаты, Линц (Австрия);
25 тамыз-1 қыркүйек – дзюдодан әлем чемпионаты, Токио (Жапония);
26 тамыз – 3 қыркүйек – нысана көздеуден лицензиялық әлем кубогі, Рио-де-Жанейро (Бразилия);
29 тамыз - 2 қыркүйек – триатлоннан әлем чемпионаты, Лозанна (Швейцария);
30 тамыз – 1
қыркүйек – көркем гимнастикадан әлем кубогі, Қазан (Ресей)