Қазақстандық спорттық-бал биінен Азия чемпионатында бірінші орын алды

БЕЙЖІҢ-НӘНЖИҢ. ҚазАқпарат - 9 жасар қазақстандық Амира Қабазиева  Қытайдың Нәнжиң қаласында өткен халықаралық чемпионатта спорттық-бал биі бойынша Азия Кубогы аясында ең үздік спортшы атанды, деп хабарлайды Қытайдағы «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

Қазақстандық спорттық-бал биінен Азия чемпионатында бірінші орын алды


Жарысқа еуропалық (вальс, квикстеп, фокстрот) және латынамерикалық (самба, ча-ча-ча, румба, пасодобль, джайв) бағдарламаны ұсынған Қытай, Ресей және Оңтүстік-Шығыс Азия би мектептерінің 2500-ден астам тәрбиеленушілері қатысты.

А.Қабазиева  латынамерикалық бағдарлама (джайв) аясында жеке орындаудан бірінші орын және вальс номинациясы бойынша жұптық орындаудан екінші орын алды.

Бейжіңде ол екі жылдан бері спорттық-бал биі бойынша еңбек сіңірген жаттықтырушы Мария Пианованың жетекшілігімен ҚХР-дағы Ресей елшілігі жанындағы  «Русский стиль» би клубының секциясына қатысады. Бұған дейін ол Қазақстанда Алма Сағадиеваның басшылығындағы «Көбелек» ансамблінде шығыс билері және әлем халықтарының билерімен айналысқан.