Қазақстандық start-up жобалар АҚШ «Силиконды алқабында» ұсынылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық start-up компаниялардың жобалары Silicon Valley Innovation Center-де АҚШ «Силиконды (Кремний) алқабында» ұсынылады, деп хабарлады бүгін «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» (ТДЖҰА) АҚ тәуелсіз директоры - Silicon Valley Innovation Center президенті Андрей Кунов VII Астана экономикалық форум аясындағы IX Инновациялық конгресінде. Бұл туралы primeminister.kz порталында хабарланды.
«Қазақстандық жобаларға қатысты ең алдымен, start-up деп аталатын жаңадан бастаған компаниялар байқау арқылы іріктеледі. Осы start-up жобалардың авторлары «Кремний алқабына» барып, ол жерде бизнестің қалай жасалатынын көре алады. Олар жергілікті start-up жобалармен танысып, өз әзірлемелерін осындай жобаларға қызығушылық танытатын Қазақстандық қана емес, жаһандық нарықтардағы инвесторларға, венчурлік компанияларға қаржыландыру және коммерциялизация үшін көрсете алады», - деді А.Кунов.
Оның айтуынша, инвесторларды перспективада өнімдері әлемдік маңызға ие болатын жобалар қызықтыруы мүмкін.