Қазақстандық студент Android-қа арналған қосымшаны небәрі 1,5 айда жасап шығарды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сүлеймен Демирел атындағы университеттің IV курс студенті Олжас Алдабергенов бүлдіршіндерге арнап, электронды әліппе жасап шығарды, деп хабарлайды «Қазақстан» ұлттық арнасы.
Бұл - жай ғана бағдарлама. Яғни, Android телефондарға арналған қосымша. Оны бар-жоғы 1,5 айда жасапты. 3-5 жастағы балғындарға арналған бағдарламада әріптердің дыбысталуы мен әр әріпке арнайы жазылған сөздің анимациялық суреттері бар. Бұл - балаға сөздің мағынасын тез түсініп, жаттап алуға көмектеседі.