Қазақстандық студенттер бағдарламалау бойынша АСМ дүниежүзілік Олимпиадасының ақтық сайысына өтті

АЛМАТЫ. 8 желтоқсан. ҚазАқпарат -  2 желтоқсан күні Ресейдің Санкт-Петербор қаласында өткен  бағдарламалау бойынша АСМ (Association of Computer Machinery) дүниежүзілік Олимиадасының ақтық турнирінен қазақстандықтар олжалы оралды.
None
None

Олар Ресей мен Беларусь командаларын ғана алға салып, үздік үштікке енді. Енді қазақстандықтар бұл шаһарда 2013 жылдың жазында өтетін ақтық сайыста ел намысын қорғайтын болады.

«Питерде өткен сайыста біз ТМД-ның  СПБИТМО, МГУ, СПБГУ, Беларусь мемлекеттік университеті сияқты жоғары оқу орындарымен  бәсекеге түстік. Онда  өте жақсы өнер көрсетіп, АСМ-ның өткен жылғы жеңімпаздары Саратов мемлекеттік университеті,  ИЖГТУ, МФТИ-ді артта қалдырып, Орталық Азиядағы ең үздік команда деген бейресми атаққа ие болдық.  Жоғары нәтижелеріміз ескерусіз қалған жоқ, біздің команда қатысушылары «Силиконовой жазықтығына»,  google-дың негізін қалаушылар құрған  IMO.IM компаниясына жұмысқа шақырылды» , дейді Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті командасының жаттықтырушысы Данабек Қалиаждаров.

Оның айтуынша Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялағаннан кейінгі кезеңде осымен үшінші рет  бағдарламалау бойынша  АСМ дүниежүзілік Олимпиадасының мәресіне шығып отыр. АСМ финалына Қазақстаннан  Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінен құрамына Мансұр Құтыбаев, Павел Коваленко мен Александр Большаков кірген командасы өтті.  Олар мүмкін болған 12 есептің 8-ін жылдам шығарған.

Жалпы АСМ-ге қатысатын командалардың құрамы үш адамнан кем болмауы қажет. Олимпиада турларында  әрбір командаға компьютер және шарты ағылшын тілінде жазылған, сегізден он екіге дейін есептер беріледі. Есептерді шығаруға бес сағаттық уақыт беріліп, командалар есептердің шешімін С, C++ немесе JAVA бағдарламалау тілдерінде жазып, тестілеу серверіне жібереді.

Бағдарламалар қатысушыларға таныс емес үлкен көлемді кірме тестілерде тексеріледі. Егер бағдарлама жауабын «дұрыс емес» немесе «уақыт пен есте сақтау шектеулеріне сай келмеген» деген жағдайларда, команда есептеріне түзетулер енгізіп, қайта жіберулеріне болады. Егер бағдарлама барлық тестілерде «дұрыс» деген жауап алса, есеп шешілген болып есептеледі. Басқа олимпиадаларға қарағанда, есептердің жартылай шешілгендері есепке алынбайды. Егер бірнеше команда есептердің бірдей санын шығарса, олардың рейтингідегі жағдайы айып уақытымен анықталады. Информатика бойынша басқа олимпиадалардан АСМ Олимпиадасының айырмашылығы  - өте күрделі есептерді шығаруға шектеулі уақыт берілетіндігінде. АСМ бірнеше кезеңдермен өтеді. Бірінші кезекте, олимпиаданың қорытынды кезеңіне өтетін қатысушыларды айқындайтын, аймақтық олимпиадалар өткізіледі. Аймақтық олимпиадаларға бір университет атынан бірнеше командалардың шығуына болады,  бірақ қорытынды сайысқа бір университеттен бір ғана команда қатысады.

Соңғы жаңалықтар