Қазақстандық студенттер Бейжіңде халықаралық КТК турнирін өткізді (ФОТО)

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Қытайдағы Қазақстан студенттері қауымдастығы ҚХР-дағы ҚР Елшілігімен бірлесіп «Анашым, мен Бейжіңдемін» атты көңілді тапқырлар клубының турнирін ұйымдастырды. Оған ТМД елдерінің студенттері қатысты.

Қазақстандық студенттер Бейжіңде халықаралық КТК турнирін өткізді (ФОТО)

Үш кезеңнің нәтижесі бойынша (сәлемдесу, кино-байқау - «дыбыстау», музыкалық байқау) бірінші орынға «Азия жүрегі» (ТМД түрлі елдерінің студенттерінен құралды), екінші орынға «Чарли періштелері» (ҚР студент қыздары), үшінші орынға «ТМСД - Тәуелсіз мемлекеттер студенттерінің достастығы» құрамасы ие болды.

Еске сала кетейік, шетелдерде 50 мыңнан астам қазақстандық студент білім алуда. Олардың 11 мыңнан астамы ҚХР-да (Бейжіңде - шамамен 4 мың, Үрімжіде - 1250, Шанхайда - 800, Сианда - 700, Гуанчжоуда - 500, Уханда - 400, Нанкин, Ланьчжоу, Харбинде - 150 адамнан, Циндаода - шамамен 100, Құлжада - 150, Шихэцзыда - 100-ге жуық, Сямэнеде - 25 студент).

Соңғы 10 жылда қытайлық ЖОО-ларды 2 мыңға жуық Қазақстан азаматы тәмамдады.