Қазақстандық студенттер Экономикалық ынтымақтастық ұйымы елдерінің универсиадасында жалпыкомандалық бірінші орынды иеленді

АСТАНА. 24 сәуір. ҚазАқпарат - Кипрдің Лефкоша қаласында Экономикалық ынтымақтастық ұйымы (ЭЫҰ) елдерінің бірінші универсиадасы аяқталды, деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.
None
None

Спорт жарыстарына Түркия, Қазақстан, Қырғызстан, Пәкістан,Ауғанстан, Кипрден келген студенттер қатысты. Универсиадада қазақстандық команда жалпыкомандалық бірінші орынды иеленді, екінші орынды - Түркия командасы, үшінші орынды - Әзірбайжан алды. Қазақстан құрамасының еншісінде барлығы 13 алтын, 7 күміс және 1 қола медаль бар.

Құрамаға Қазақ спорт және туризм академиясы, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық универитеті, Е. Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университетінің студенттері кірді.

Соңғы жаңалықтар