Қазақстандық студенттер Гонконгта Наурыз мерекесін тойлады
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Қазақстандық студенттер достарымен Гонконгта Наурыз мейрамын ұйымдастырып, қонақ ретінде Қазақстан Республикасы консулдығының қызметкерлерін, ЖОО-лардың оқытушылары мен достарын шақырды. Жастар шашу, концерттік бағдарлама дайындап, дастархан жайды.
Ұйымдастырушылардың қатарында Назарбаев зияткерлік мектептерінің түлектері, соның ішінде өткен жылы Өскеменде мектеп тәмамдаған Жанерке Тоқтарова бар. Гонконг политехникалық университетінің студенті «Науысқы» күйін орындап, «Көзімнің қарасы» және «Алтыным» әндерін айтқанда домбырамен әуенін орындады.
Қонақтар қазақ халқының мәдениетімен танысып, ұлттық тағамдардан, соның ішінде Наурыз көжеден дәм татты.
Наурыз мейрамын студенттер Гонконг политехникалық университетінің жатақханаларының бірінде өткізді. Жанерке мерекеде түсірілген фотоларды өзінің кураторы Гүлмира Арыстанбекке жіберген, деді Өскемен қ. химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев зияткерлік мектебінің баспасөз хатшысы Роза Құмарғажина.