Қазақстандық студенттер ХҒС-дағы А.Айымбетовпен радиобайланыс сеансын өткізді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық студенттер ХҒС-тағы А.Айымбетовпен радиобайланыс сеансын өткізді. Бұл туралы Facebook әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің ректоры Дамир Шыныбеков хабарлады.

Қазақстандық студенттер ХҒС-дағы А.Айымбетовпен радиобайланыс сеансын өткізді

«UN9GWA дабылымен ХАТУ-дің радиостансасы өз жұмысын РЭТ секциясының меңгерушісі, профессор А.З.Айтмағамбетовтің бастамасымен 2014 жылдың желтоқсан айында бастаған.

Бүгін ХАТУ-дің студенттері ХҒС-тағы ғарышкерлермен радиобайланыстың табысты сеансын өткізді! Құттықтаймын!», - деп бөлісті қуанышымен Дамир Шыныбеков.