Қазақстандық студенттер Кембридж және Кентенберри колледждерінде тегін білім ала алады

АСТАНА. Ақпанның 25-і. ҚазАқпарат - Англияның Сambridge Education Group (CEG) білім тобы бізді республикамызда алғаш рет өткізіп отырған білім олимпиадасының бірінші кезеңіне Қазақстанның 23 жекеменшік және мемлекеттік жоғары оқу орындарының 200-ден астам студенті қатысты,
None
None
деп хабарлады ҚазАқпаратқа ұйымның баспасөз қызметінен. Бірінші кезеңнен табысты өткен 50 студент наурыздың 7-сінде екінші кезеңге қатысады. Олимпиаданың қорытынды туры сәуірдің 9-ы күні Hyatt Regency Almaty қонақүйінде өтеді және баспасөз мәслихатында жеңімпаздар жария етіледі.Олимпиаданың үш кезеңінен де өткен студенттер 46 мың ағылшын фунтына тең стипендиямен марапатталады, бұл шәкіртақы оларға A-level немесе International Baccalaureate (IB) Diploma бағдарламалары бойынша Кембридж және Кентенберри колледждерінде екі жыл тегін оқуға құқық береді. Ал бұл бағдарламаларды табысты аяқтаған студент Англияның жетекші университеттерінің біріне оқуға түсе алады. Олимпиаданың қорытынды кезеңі Кембридж университетінің қабылдау комиссиясының стандарттары бойынша әңгімелесу түрінде өтеді.
Соңғы жаңалықтар