Қазақстандық студенттер Шанхайда ҚР Президентінің сайлауын өткізуге байланысты бастамашыл топ құрды
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Шанхайда қазақстандық студенттер ҚР Президентінің сайлауын ұйымдастыру және өткізуге атсалысатын бастамашыл топ құрды.
Мұндай шешім Шанхай қаласындағы ҚР Бас Консулдығының консулы, сондай-ақ ҚР БҒМ «Халықаралық бағдарламалар орталығының Азиядағы және Океаниядағы өкілінің қатысуымен Қытайда Қазақстан студенттері қауымдастығы (KSAC) шанхайлық бөлімшесі белсенділерінің жиналысы барысында қабылданды.
«Қазақстан жастары ұлт көшбасшысы - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасын әрқашанда тұрақты қолдайтын болады. Президент «Қазақстан 2050» стратегиясын, «Нұрлы жол» жаңа бағдарламасын іске асыруда жастардың рөлін ерекше атап өтті», - деді Қытайдағы қазақстандық студенттер қауымдастығының шанхайлық бөлімшесінің төрағасы, Шығыс Қазақстан педагогикалық университетінің магистранты Жасдәруен Дәукенов.
«Болашақ» бағдарламасының стипендиаты, Шанхайдағы Тунцзи университетінің студенті Олжас Сүлейменов Н. Назарбаевтың көрегендігінің арқасында Қазақстан жылдан-жылға жаңа биіктерді еңсеріп келе жатқандығын атап өтті. «Мемлекет басшысы ұсынған бес институционалдық реформа - болашақтағы ел дамуының кепілі. Біз «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары Президенттің саясатын қолдаймыз», - деді ол.